Қазақстандықтар үшін шенген визасын алу ақысы қымбаттайды

Қазақстандықтар үшін шенген визасын алу ақысы қымбаттайды
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстандықтар үшін шенген визасын алу ақысы қымбаттайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еурокомиссия шенген визасының құнын ересектер үшін 80-нен (39 000 теңге) 90 еуроға (43 834 теңге) және балалар үшін 40 (~19 481 теңге) 45 еуроға (~22 000 теңге) көтеруді ұсынды. Бұған  инфляция себеп боп отыр.

Ұсыныс Еурокомиссияның сайтында жарияланды және 2024 жылғы 1 наурызға дейін Еуроодақ азаматтарының талқылауы үшін ашылды.

Сондай-ақ ЕО-ға мүше елдер атынан шенген визасына өтініштерді жинайтын виза орталықтары стандартты виза алымының жартысына дейінгі ақыны ала алатынын жазылған. Бұл олардың қызметі үшін 40 емес, 45 еуро алуға рұқсат беретінін білдіреді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан