Тоқаев Сингапурмен келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды

Тоқаев Сингапурмен келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды
Фото: Tengrinews.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Республикасымен келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген құжатта.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан