Астанада жалған чекпен дүкен сатушысын алдаған тұрғын ұсталды

Астанада жалған чекпен дүкен сатушысын алдаған тұрғын ұсталды
Фото: pixabay.com

Астанада жалған чекпен дүкен сатушысын алдаған тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Астана қаласы ПД Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 32 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында ер адамның Қошқарбаев көшесіндегі дүкеннен бірнеше күн бойы сауда жасағаны белгілі болды. Алайда күдікті кассада төлем жасаған сыңай танытып, қолдан жасалған чектерді көрсетіп, тауар үшін есеп айырысып жүрген.

Ревизия жасау барысында алаяққа алданғанын түсінген дүкен иесі полицияға жүгінген. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 250 мың теңгені құрады. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Астана қаласының полиция департаменті сауда саласының қызметкерлеріне сақ болуға және электрондық төлем чектерінің түпнұсқалығын мұқият тексеруге кеңес береді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина