Пиротехника зауытындағы жойқын жарылыс: 11 адам қаза тауып, тағы 60 адам жарақат алды

Пиротехника зауытындағы жойқын жарылыс: 11 адам қаза тауып, тағы 60 адам жарақат алды
Фото: Видео кадры

Үндістанда пиротехника бұйымдарын шығаратын зауытта болған жарылыс салдарынан 11 адам қаза тауып, тағы 60 адам жарақат алды. Бұл оқиға Мадхья-Прадеш штатында болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі The Hindustan Times басылымына сілтеме жасап.

"Сейсенбі таңертең Мадхья-Прадеш штатындағы Бейрагарх ауылындағы отшашу фабрикасында болған жарылыс салдарынан 11 адам қаза тауып, 60 адам жараланды", - делінген басылым хабарламасында.

Жарылыс жақын маңдағы 60 үйді қиратты. Бұған қоса билік тағы 100 үйден адамдарды эвакуациялады.

Оқиға орнында құтқару операциясы жалғасып жатыр: ондаған адам зауыт ғимаратының қирандыларының астында қалуы мүмкін. Жарылыстың күшті болғаны сонша, ол 15 шақырым радиуста сезілді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек