Гүл шоғының орнына Prada сөмкесі: алматылық қалыңдық той қонақтарын таңғалдырды

Гүл шоғының орнына Prada сөмкесі: алматылық қалыңдық той қонақтарын таңғалдырды
Фото: видеодан кадр

Алматылық қалыңдық үйреншікті гүл лақтыру дәстүрін өзгерткісі келген. Қалыңдық тұрмыс құрмаған құрбыларына гүлдің орнына Prada сөмкесін лақтырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-ке сілтеме жасап.

Тоғжан гүл лақтыру дәстүрін ерекше етіп өзгерткісі келген. Ол идеясын жүзеге асыру үшін әлемдегі танымал брендтің сөмкесін таңдаған.

Тоғжанның құрбылары тойдың соңында гүлдің орнына сөмке лақтыратынын күтпеген.

"Қалыңдық гүл шоғы – өте қарапайым деп ойладым. Ал сөмке – тұрмысқа шықпаған қыздар үшін жақсы және қажетті сыйлық. Ол – есте қаларлық сыйлық. Мен бұл жайлы олардың ешбіреуіне айтпадым, сондықтан сөмке тосынсый болды", - дейді Тоғжан.

@a.togzhana

?

♬ оригинальный звук - a.togzhana

Қонақтардың реакциясына қарап, қыздардың мұндай сыйлыққа риза болғанын байқауға болады. Тоғжан Prada Re-Edition 2005 сөмкесін таңдаған. Бұл аксессуардың бағасы - шамамен 625 мың теңге.

А. Жапатова