Қанат Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрі болды

Қанат Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрі болды

Қанат Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды", - делінген Тоқаевтың жарлығында.

Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев 1981 жылы дүниеге келген.

Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін, Cranfield School of Management (Ұлыбритания) тәмамдаған. 

2006-2008 жылдары өңірлік кеңсенің Қаржы департаментінде, Жобаларды басқару департаментінде, Операциялық-технологиялық департаментінде, «Сити» инвестбанкінің сату басқармасында (Ұлыбритания, Чехия) жұмыс істеді.

2008-2014 жылдары — «Сити» инвестбанкі акциялар нарығында жұмыс жөніндегі өңірлік дивизионының аға талдаушысы, вице-президентінің көмекшісі, вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).

2014-2015 жылдары — «Сити» инвестбанкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания).

2015-2017 жылдары — Ситибанк Қазақстанның Бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті.

2017-2020 жылдары — Ресей Ситибанкінің Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті.

2020-2022 жылдары — «Сити» инвестициялық банкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры.

2022 жылдан бастап — «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі.

2023 жылғы 4 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен индустрия және құрылыс министрі болып тағайындалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан