Тағы бір жаңа министр: Ақмарал Әлназарова Ажар Ғиниятты алмастырды

Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау министрі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды", - делінген Тоқаевтың жарлығында.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы:

Алматы мемлекеттік медицина институты (1994)
«Педиатрия» мамандығы»
Қорқытау Университеті (2006)
«Экономист» мамандығы Экономика бакалавры
Қазақстанда да, шетелде де қосымша оқудан өтті
Ұйымдастырушы-жоғары санатты гигиенист, жоғары санатты дәрігер-педиатр
Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

Медицина ғылымдарының докторы (2010)
Еңбек өтілі:

Қызылорда қалалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігері;
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Қызылорда филиалының кіші ғылыми қызметкері (1997-1999);
Бөлім бастығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары (1999-2001);
Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері (2001-2003);
Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы (2003-2004);
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің облыстық басқармасының бастығы (2005-2007);
Қызылорда медициналық колледжінің директоры (2007-2013);
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары (02.2013-12.2014);
Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы (12.2014-11.2015);
Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы (11.2015-04.2019);
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (04.2019-06.2020)

Сайланбалы қызметтері, депутаттық:

Облыстық мәслихаттың IV және V шақырылымдарының депутаты, Әлеуметтік сала және мәдениет мәселелері жөніндегі комиссияны басқарды;
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына Кандидат (06.2020);

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!