Роман Скляр - премьер-министрдің бірінші орынбасары

Роман Скляр - премьер-министрдің бірінші орынбасары
Фото: primeminister.kz

Роман Скляр премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Роман Васильевич Скляр 1971 жылы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген.

Павлодар мемлекеттік университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, сондай-ақ Мәскеу заманауи бизнес институтын экономист мамандығы бойынша және Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Екібастузуглеавтоматика МҰУ-де слесарь болып бастады.

1989-1990 жылдары - "Қазпромтехмонтаж" өндірістік-монтаж басқармасы Екібастұз кесінді-құрылыс басқармасының монтажшысы.

1990 жылдан - Павлодар қаласындағы "Вахинвест" кеңестік-батыс германдық бірлескен кәсіпорнының қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері.

1990-1999 жылдары - "Ансат-Павлодар" ЖШС коммерциялық бөлімінің бастығы, директордың орынбасары, бас директоры.

1999-2002 жылдары - "Тыныс" ЖШС директоры, Павлодар қ.

2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Павлодар облысы бойынша Басқарма басқармасының басшысы.

2003-2005 жылдары - Павлодар қаласының коммуналдық меншік басқармасы басшысының орынбасары.

2005 жылдың қаңтарынан - Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы.

2005 жылдың сәуірінен - ​​Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы.

2006 жылдан - Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.

2006-2007 жылдары - Астана қаласы әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы.

2007-2008 жылдары – Астана қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.

2008-2010 жылдары - Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2010-2011 жылдары - Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2011-2013 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі.

2014-2016 жылдары – "Қазақстан темір жолы" АҚ вице-президенті.

2016 жылы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.

2016 жылғы мамырдан бастап – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі.

2016-2019 жылдары - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.

2019 жылдың ақпанынан қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметін атқарған.

2019 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2021 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ол осы қызметке қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2023 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне қайта тағайындалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина