Есқараев қызметінде қалды

Есқараев қызметінде қалды
Фото: gov.kz

Азамат Есқараев әділет министрі лауазымына қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалсын", - деп жазылған хабарламада.

Ол 1979 жылы дүниеге келген. Бұған дейін де Әділет министрлігінде лауазымды қызметтер атқарған.

Былтыр қаңтардан бастап әділет министрі қызметіне тағайындалған еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова