Мұрат Нұртілеу лауазымын сақтап қалды

Мұрат Нұртілеу лауазымын сақтап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Ол 1976 жылы Алматы қаласында туған. 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған.

1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташесі.

1999-2003 жылдары - Қазақстанның Малайзиядағы Елшілігінің атташесі.

2003-2004 жылдары - ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.

2004-2006 жылдары - ҚР сыртқы істер министрінің кеңесшісі.

2007 жылы - ҚР сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы.

2007 жылы - ҚР Парламенті Сенатының Аппараты басшысының орынбасары.

2007-2011 жылдары - ҚР Парламентінің Сенаты аппаратының басшысы.

2011 жылы - ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2011 жылы - ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры.

2011-2014 жылдары - Қазақстан Республикасының Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) Тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкіл.

2014-2016 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.

2016-2019 жылдары - Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.

2019-2021 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2021-2022 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.

2022 жылғы 5 қаңтар - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.

2022-2023 жылдары -Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы.

2023 жылғы 3 сәуірден бастап ҚР премьер-министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Ағылшын және неміс тілдерін меңгерген.

Үйленген, 4 баласы бар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз