Тепкілеп, қылғындырған: Астанада балаларға шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Тепкілеп, қылғындырған: Астанада балаларға шабуыл жасаған ер адам ұсталды
Фото: видео кадры

Астана полиция департаменті қызметкерлері елордадағы тұрғын үйлердің бірінде балаларға шабуыл жасаған ер адам ұсталғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған кадрларда кіреберістердің бірінде ер адам алдымен бір баланың бетінен ұрып, екіншісін тепкілеп, үшіншісін қылғындырып жатқаны бейнеленген. 

Елордалық полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, Байқоңыр аудандық полиция бөлімі осы үйдің 30 жастағы тұрғынын анықтап ұстады.

"Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек