Ақмола облысында 5 балл жер сілкінісі болғаны рас па?

Ақмола облысында 5 балл жер сілкінісі болғаны рас па?
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Earthquake қосымшасында "Бурабай" мемлекеттік ұлттық паркіне жақын маңда жер сілкінісі болғаны туралы хабар тарады. Бұл қосымша арқылы жер сілкіністерін бақылап отыруға болады. Қосымшадағы мәлімет бойынша, жер сілкінісі 13.57-де болған. ТЖМ өкілдері бұл дерекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, қосымшадағы мәлімет шындыққа жанаспайды, облыста жер сілкінісі сезілмеген. 

"4 ақпан күні сағат 13:57-де Earthquake қосымшасында Ақмола облысында, Бурабай саябағының маңында жер сілкінісі болғаны туралы ақпарат жарияланды. Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмикалық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы жер сілкінісі болғанын растамайды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина