Дәрігер арақпен жейтін шайнама ретінде тұтынуға болмайтын қауіпті тағамдарды атады

Дәрігер арақпен жейтін шайнама ретінде тұтынуға болмайтын қауіпті тағамдарды атады
Фото: Freepik.com

Арақ алкогольдік сусынның ең күшті түрінің бірі. Бірақ, арақпен бірге жейтін шайнама ретінде барлық тағамды тұтынуға болмайды. Бұл туралы Ресей Мемлекеттік білім беру университетінің медфак оқытушысы Александр Умнов ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "osnmedia.ru-ға" сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, тіскебасар ретінде майлы, ысталған, қуырылған тағамдардан бас тарту керек. Өйткені олардың өздігінен қорытылуы қиын, ал алкогольмен араласқан кезде олар бауыр, ұйқы безі және асқазанға үлкен жүктеме түсіреді.

Егер арақты майлы немесе қуырылған тағаммен жейтін болсаңыз, онда болашақта алкогольдік гепатит немесе панкреатит дамуы мүмкін.

"Сондықтан кебаб, майлы ірімшіктер, ысталған шұжық жеп отырып, арақ ішуді ұмытыңыз", - деді дәрігер.

Сонымен қатар, арақты лимонад және жемістермен араластыру зиян, өйткені мұндай кезде бауыр барлық этил спиртін залалсыздандыра алмайды.

Құрамында асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығын зақымдауы мүмкін сірке суы бар саңырауқұлақтар секілді маринадталған тағамдар да денсаулыққа зиян.

Бұдан бөлек, Александр Умнов қан қысымының жоғарылауының алдын алу үшін арақты кофемен араластырмауға және жаңа піскен қызанақты бірге жемеуге кеңес берді, өйткені олар асқазанның тұз қышқылының өндірісін арттырып, гастрит пен жараны қоздырады.

Дәрігер арақпен жейтін шайнама ретінде тұтынуға болмайтын зиян тағамдар тізіміне шоколад, ащы кетчуп, желкек, Аджика мен қауынды да қосты, олар алкогольдің әсерінен ішекті ашытып, іш кебуді тудыруы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін арақ ішпесе де стақан соғыстыру күнә ма? ҚМДБ өкілі жауап бергені хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ғұн мемлекеті қашан, не себепті ыдырап кетті?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә