Блогер Талғардың орталығындағы жаяу жүргіншілер өткелінде "ваннаға түсті"

Блогер Талғардың орталығындағы жаяу жүргіншілер өткелінде "ваннаға түсті"
Фото: видеодан алынған кадр

Блогерлер автокөлік ұтысына қатысу үшін Талғардың орталығында пранк ұйымдастырды. Видео әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.

Кадрлардан әкімдік алдында орналасқан алаңдағы жаяу жүргіншілер өткеліне көбігі бар ванна қойылғанын, онда костюм киген жас жігіттің жатқанын көруге болады. Блогер бөтелкені ашып, қызыл шарапқа ұқсас сусын ішеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Суровый Талгар (@surovyi_talgar)

2 ақпан күні сағат 23:00 шамасында болған оқиғаға Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов түсінік берді. Оның айтуынша, орталық көшедегі жаяу жүргіншілер өткелінде жол қозғалысына кедергі жасаған 24 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

"Оқиғаны камераға түсіріп, әлеуметтік желіге таратқандар да анықталып, ұсталды. Бұл деректі аудандық полиция тіркеді және қозғалысқа кедергі жасағаны, сондай-ақ көлік құралын тұраққа қою және тоқтату ережелерін, сонымен бірге қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін құқық бұзушыларға қатысты бірқатар әкімшілік хаттама жасалды", - деді Әленов.

Қазіргі уақытта әкімшілік іс материалдары кінәліні әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сотқа жолданды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Суровый Талгар (@surovyi_talgar)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан