Үнемі шөлдеп жүресіз бе? Бұл ағзаның дабыл қоңырауы болуы мүмкін

Үнемі шөлдеп жүру - бұл алаңдатарлық белгі. Хирсланден диагностикалық орталығының бас дәрігері Анна Эрат бұл симптом қандай ауруларды көрсетуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Орташа алғанда, ерлер мен әйелдерге күніне 1,5-тен 2 литрге дейін су ішу қажет. Кейді бұл мөлшер сіздің қанша жаттығу жасайтыныңыз бен қаншалық терлейтініңізге байланысты өзгеріп отырады.

Ал егер физикалық белсенділігіңіз қалыпты деңгейде болып, сіз қатты терлемей-ақ күніне үш-төрт литр ішсеңіз, бұл денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін. Өйткені сұйықтықты тым көп мөлшерде қабылдау қанды сұйылтып, салдарынан ағзада тұз аз болады және жылдам жуылады.

Шөлдеу сезімін арттыратын әртүрлі аурулар бар және ең көп тараған түрі - қант диабеті. Осылайша, ағза қандағы қант концентрациясын төмендетуге тырысады.

Сондай-ақ, шөлдеу сезімі басқа аурулардан, қоректік заттардың жетіспеушілігінен немесе тіпті қатерлі ісіктерден туындауы мүмкін. Сондықтан мұндай белгіні байқасаңыз, бірден дәрігер кеңесін алыңыз.

Айта кетейік, бұған дейін қант диабетімен күресуге көмектесетін тағамдар тізімі хабарланған болатын.

  • Сұлы ботқасы;
  • Жаңғақтар;
  • Даршын;
  • Авокадо;
  • Тәтті қызыл бұрыш;
  • Тары;
  • Балық;
  • Бұршақ;
  • Құлпынай;
  • Сарымсақ.

Тағы да оқи отырыңыздар: Мақсатты келер шаққа сөйлемдер құрау

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!