Ақтөбеде лауазымды бірнеше миллион теңгеге "сатқан" аудан тұрғыны ұсталды

Ақтөбеде лауазымды бірнеше миллион теңгеге "сатқан" аудан тұрғыны ұсталды
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде машинисттің көмекшісі лауазымын бірнеше миллион теңгеге "сатқан" аудан тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тергеп-тексеру кезінде теміржол станциясында машинисттің көмекшісі болып жұмыс істейтін 30 жастағы жігіт өткен жылдың күз айында бірнеше адамды машинисттің көмекшісі ретінде депоға жұмысқа орналастыруға уәде беріп, олардың әрқайсысынан 2-2,5 миллион теңгеге дейін ақша алғаны анықталды.

Осылайша, ол 6 адамнан жалпы сомасы 16 миллион теңге иеленген. Жәбірленушілердің барлығы күдіктімен ортақ танысы арқылы байланысып, ақшаны ол көрсеткен шоттарға алдын ала аударған. Алайда, олар жұмысқа орналаса алмаған, әрі ақшасын да қайтарып ала алмаған.

Полиция алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, күдікті қамауға алынды. Ол ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина