Диетолог үзіліссіз ораза ұстаудың зияны туралы айтты

Диетолог үзіліссіз ораза ұстаудың зияны туралы айтты
Фото: freepik

Медицина ғылымдарының докторы, диетолог Маргарита Королева Қоғамдық жаңалықтар қызметіне берген сұхбатында үзіліссіз ораза ұстаудың зияны туралы ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, мұндай диета арқылы салмақ жоғалту, негізінен, ағзаның тағамнан тұрақты түрде алуы керек қоректік заттардың, минералдардың және витаминдердің жетіспеушілігіне байланысты.

Сондай-ақ дәрігер үзіліссіз ораза ұстаудың тиімді емес екенін айтты.

"Адам үзіліссіз оразаға дейін ұстанған өмір салтына оралғанда, олар тез салмақ қоса бастайды және жоғалтқан әрбір килограмм үшін кем дегенде екі-үш келі қосып алады", - деді ол.

Дәрігер диетадағы өзгерістер мен салмақ жоғалтуға қатысты білікті мамандарға хабарласуға кеңес берді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов