Назарбаев "құлап бара жатқан" инсталляция пайда болды

Фото: Massaget.kz

Желіде Назарбаев "құлап бара жатқан" инсталляцияның видеосы тарады. Massaget.kz тілшісі инсталляцияны өз көзімен көріп, фото және видеоға түсірді.

Инсталляция Алматыдағы Әскери мәжіліс үйінде орналасқан. Авторы Ербосын Мелдібеков. 

Фото: Massaget.kz

Автордың сипаттамадағы мәліметінше, топтама мүсін қиратылған сәтте тұғыры ғана қалған Назарбаевтың ескерткіштері түріндегі инсталляциялардан тұрады.

  • Біріншісінде 1992 жылы Алматыдағы Дзержинский ескерткішінің қираған сәті;
  • екіншісінде 1962 жылы Прагада Сталин ескерткіші жарылған сәт;
  • үшіншісінде 2014 жылы Харьковтегі Ленин ескерткішінің құлап бара жатқан сәті;
  • төртіншісінде 2003 жылы Бағдадтағы Саддам Хусейн ескерткішін қирату сәті;
  • бесіншісінде 2022 жылы Талдықорғандағы Назарбаевтың өзіне қойылған ескерткіш құлатылған сәт екені аңғарылады.

Фото: Massaget.kz 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина