Еліміздің оңтүстігі мен шығысында су тасқыны болуы мүмкін

Еліміздің оңтүстігі мен шығысында су тасқыны болуы мүмкін
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Еліміздің оңтүстігі мен шығысында су тасқыны болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақпан айында қар емес, жаңбырдың мол жаууына байланысты еліміздің оңтүстігі мен шығысында су тасқыны болуы мүмкін.

"Қазгидромет" өкілдері ақпан айында жылымық орнаса болды, таулы аймақтарда жағдай қиындайды деп отыр. Толассыз жауған жаңбыр тау басында жиналған қарды ерітіп, көршілес елдімекендерге қауіп төндіруі мүмкін.

Синоптиктер алапат судың астында қалмауымыз үшін бассейндерге су қорын жинап жатқанын айтады. Дегенмен ауа температурасы көтеріліп, онымен қоса жаңбыр тоқтамаған күндері таулы аймаққа барудан сақ болу керек.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина