235 қазақстандықты алдады деген алаяқ ұсталды

235 қазақстандықты алдады деген алаяқ ұсталды
Фото: elements.envato.com

Қызылорда аса ірі көлемде алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап

Биыл 30 қаңтарда қалада күдікті Р.Қ.Қаржауов ұсталды.

Істі тергеу барысында оның 2021-2022 жылдары адамдармен бірігіп, қазақстандықтардың атына жалған көлік несиесін рәсімдегендігі анықталды.

Күдіктінің әрекетінен барлығы 235 адам зардап шегіп, 2,9 миллиард көлемінде зала келтірген.

Тергеу барысында Қаржауов тергеуден жалтарды. Осыған байланысты оған іздеу жарияланды.

Бүгінде Қаржауов Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Оның кінәсі сотта дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz