Шымкенттік оқушылар қолайсыз ауа райы салдарынан қашықтан оқитын болды

Шымкенттік оқушылар қолайсыз ауа райы салдарынан қашықтан оқитын болды
Фото: Tengrinews.kz

Шымкентте мектеп оқушылары қашықтан оқытуға көшті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент қалалық білім бөлімінің мәліметінше, мұндай шешім ауа райының нашарлауына байланысты қабылданған. 2 ақпанда 0-8-сынып оқушылары қашықтан оқитын болды.

 "Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары мен ата-аналар! 2024 жылғы 2 ақпанда Шымкентте ауа райының қолайсыздығына байланысты 0-8-сынып оқушылары қашықтан оқитынын хабарлаймыз. 9-11-сынып оқушылары дәстүрлі түрде мектепке (офлайн) барады, - деп хабарлады білім бөлімі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан