Каспий жағалауында 1,1 миллиард теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

Каспий жағалауында 1,1 миллиард теңгенің жері мемлекетке қайтарылды
Фото: Көрнекі сурет. Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Каспий теңізінің жағалауында орналасқан құны 1,1 миллиард теңге, ауданы 696,8 гектар 3 учаске игерілмегені үшін мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Одан бөлек, талдау нәтижесімен Ақтау қаласының аумағында мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін заңсыз пайдаланудың 61 дерегі анықталды.

Одан бөлек, облыс бойынша 57 ШҚ-мен 44 850 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану фактілері анықталды.

Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы жануарларының саны айылымдардың жалпы алаңына шекті рұқсат етілген жүктеме нормасына (20 пайызға аз) сәйкес келмей, жер учаскелері пайдаланылмаған.

Осыған орай, кінәлілерді әкімшілік жауаптылыққа тарту және жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару мақсатында облыс прокуратурасымен прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина