Ұлттық қордан балаларға неге 100 доллар ғана түскен?

Ұлттық қордан балаларға неге 100 доллар ғана түскен?
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков биыл "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында 18 жасқа толған қазақстандықтарға қанша доллар түсетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысынан шыққан вице-министрге журналист "Осыған дейін "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында 18 жасқа толғандарға 150-160 доллар түсетіні айтылған еді. Неге бұл сома өзгерді?" деп сұрақ қойылды.

"2022 жылғы 1 қарашада президент бастама көтеріп, тапсырма берді. Сол кездегі есептеуге сәйкес, еліміздегі балалардың саны 6 млн 400 мың болды. Бүгінде олардың саны – 6 млн 917 мың. Көрдіңіз бе? Сол есептеуге сәйкес, бүгінде бөлініп жатқан қаражаттың сомасы – 695 млн доллар. Осы соманы 6 млн 919 мың 131 балаға бөлсек, сонда 100 доллар 51 цент шығады", - деді вице-министр.

Еске салайық, 31 қаңтарда қазақстандық балаларға Ұлттық қордан алғашқы төлем түсе бастаған болатын. 

Ұлттық қордан балаларға төлем түсті: БЖЗҚ мәлімдеме жасады

Аяз Есен

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz