- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қан жөтел басталды"....
"Қан жөтел басталды". Әнші Балжан Бидаштың әкесінің жағдайы өзінің туған күн кешінде күрт нашарлаған
Танымал әнші Балжан Бидаштың әкесінің жағдайы нашарлап, сырқаттанып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі бұл туралы желідегі парақшасында жариялады. 31 қаңтарда Балжан Бидаштың әкесінің туған күні болған болатын. Туған күн кешін тойлаудың соңы әкесінің ауруымен аяқталған.
"Біз ойламаған жерден әртүрлі шыңдалу процесі бастала береді", - деп жазған ол.
Әншінің айтуынша, жергілікті дәрігерлер әкесіне нақты диагноз қоя алмаған, сондықтан әнші таңертең әкесімен шет елге ем алуға сапарға шығады.
"Туған күн бітіп, қонақтар кете саласымен әкемде жөтел басталды. Біз күтпеген қан жөтел басталды. Бәріміз абыр-сабыр болып жедел-жәрдем күтпей, әкемді көлікке отырғызып ауруханаға алып келдік.
Нақты диагноз табылмады.
Жөтелді басатын дәрі тамшысын салып, дәрі жазып берді. Кім болса да дәрігерге рақмет.
Бірақ әкешім қорқытып жіберді, бұлай болмайды. Дұрыстап емге кірісу керек. Сондықтан таңертең басқа елге ұшатын болдық, бұйыртса", - деп жазған әнші.
Айта кетейік, бұған дейін "Әкем де қаламады". Әнші Балжан Бидаш әкесінің туған күніне су жаңа көлік сыйлағаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Тырнақ неге сарғайып кетеді?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә