"Қорқыныш болды". Әнші Мәди Рымбаев көзіне ота жасатты

"Қорқыныш болды". Әнші Мәди Рымбаев көзіне ота жасатты
Фото: instagram.com/madirymbaev

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның кіші ұлы, әнші Мәди Рымбаев көзіне ота жасатты. Ол бұл туралы Желідегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, көру қабілетінің нашарлағанына біршама уақыт өткен. 

"Бүгін басымнан өткен оқиғаммен бөлісуге дайынмын.

Жалпы, көру қабілетімнің нашарлағанын байқап жүрдім. Алдымен көзім кішкене ғана көрмей жүрді, бірақ уақыт өте келе компьютер, ұялы телефонпен үнемі жұмыс істегендіктен, көру қабілетімнің нашарлағанына таңғалмаймын.

Мен ота жасау туралы шешімді қалай қабылдадым?

Маған үлкен серпін берген жеңгем Акеркенің тәжірибесі болды, ол жақында осы көзіне лазерлік түзету жасап, көру қабілетін қалпына келтірді. Сонымен Әли ағам мен жеңгемнің ұсынысы бойынша мен уақытты одан әрі созудың қажеті жоқ екенін түсініп, көзіме ота жасаймын деп шештім.

Ота алдында қорқыныш болды, бірақ мен ештеңе сезбедім, бәрі жақсы болды, дәрігер қолдау көрсетіп, дүрбелең тудырмауға көмектесті", - деп жазған ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Бұқпа деген қандай тағам?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә