"Тіпті менсіз жоспар құрып жүр". Астанаға қоныс аударған Айжан Байзақова жаңа қаладағы өмірінің қиыншылықтарын бөлісті

"Тіпті менсіз жоспар құрып жүр". Астанаға қоныс аударған Айжан Байзақова жаңа қаладағы өмірінің қиыншылықтарын бөлісті
Фото: instagram.com/bayzakova

Жақында ғана Астанаға қоныс аударған танымал блогер Айжан Байзақова жаңа қаладағы өмірінің қиыншылықтарын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер өзінің Желідегі парақшасында үй тірлігінің көмекшісі Алматыда қалғанын, сондықтан да Астанада үй тазалығымен өзі айналысып жүргенін айтты. Сондай-ақ, ол үй тазалауды ұнатпайтынын жасырмады.

"Күнім үй тазалаудан басталды. Несін жасырайын, мен мұндайды ұнатпаймын, ешкім де ұнатпайды ғой.
Үй жұмыстарына көмектесетін адам Алматыда қалды, інім Әлиханға қарағанда көмекшімді қаттырақ сағынып жатқан секілдімін", - деп жазған блогер.

Сонымен қатар, Айжан Байзақова жолдасының Астана достары көп екенін жеткізді.

"Айтпақшы, Нұрбек Астанада оқыған, біршама уақыт осында тұрған, сондықтан болар оның Алматыға қарағанда осында досы көбірек. Оған қоса, арамыз алшақтап бара жатқан секілді.
Біз Алматыда үнемі бірге жүретін едік, ал мұнда ол тіпті менсіз жоспар құрып жүр", - деп жазған ол.

Айта кетейік, бұған дейін "Үндемей қалмаймын". Айжан Байзақова мен күйеуінің бұрынғы әйелі Желіде дауласып қалғаны хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: WhatsApp-та блокқа салынғанымды қалай білуге болады? 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә