- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әкем де қаламады"....
"Әкем де қаламады". Әнші Балжан Бидаш әкесінің туған күніне су жаңа көлік сыйлады
Танымал әнші Балжан Бидаш әкесінің 61 жас мерей тойына көлік сыйлады. Ол бұл туралы Желідегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің айтуынша, әкесінің туған күніне орай бүгін үйінде қонақ күтіп жатыр.
"Әкетайым 61 жасыңыз құтты болсын. Барым, байлығым, деніңіз сау болып, бақытты әке-ата болыңыз", - деп жазған ол.
Сонымен қатар, Балжан Бидаш әкесіне сыйлығын көрсетті.
"Әкеңнің туған күніне не сыйладың деп жатқандарға.
Жаңа көлік сыйладық. Андай видео түсіріп, жандырып мақтанғымыз келмеді, әкем де қаламады", - деп жазған әнші.
Айта кетейік, бұған дейін "Ажырасу - бұл да бір өлім". Балжан Бидаш қазіргі жағдайын айтып, оқырмандарын ойландырып қойған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Асыраушысынан айырылған отбасыға қандай жәрдемақы беріледі?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә