БҚО-да 23 жастағы қызды ұрып, артынша пышақтап кеткен ер адамға іздеу салынды

БҚО-да 23 жастағы қызды ұрып, артынша пышақтап кеткен ер адамға іздеу салынды
Фото: seyminfo.ru

Әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласында белгісіз біреу 23 жастағы қызды ұрып, артынша пышақтағаны туралы хабар тарады. Полиция департаменті бұл ақпаратты растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде тараған хабарларда 28 қаңтарда сағат 19.30 шамасында Ақсай қаласында ер адам теміржол өткелі көпірінің жанында 23 жастағы қызды ұрып, пышақтағаны айтылады. Сонымен қатар, хабарлама мәліметінше, ол бойы шамамен 160-165 сантиметр, 25-30 жастағы жігіт. 

Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Бүгінде күдіктіге іздеуге жарияланған. Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүріп жатыр және қылмысты ашуға бағытталған қажетті іс-шаралар кешені қабылданып жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина