Вице-министр тағайындалғанына алты ай өткен соң қызметінен кетті

Вице-министр тағайындалғанына алты ай өткен соң қызметінен кетті
Фото: gov.kz

Арман Жүдебаев ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Әділханұлы Жүдебаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Еңбек жолын 2006 жылы "Алматы әуендері" МКҚК-да әртіс-аспапшы қызметінен бастаған.

2007-2009 жылдары — "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi" РМҚК домбыра тобының әртісі.

2009-2011 жылдары — "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" РММ дирижерлеу кафедрасының оқытушысы.

2011-2013 жылдары — оқытушы; "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" РММ домбыра кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы.

2013-2018 жылдары — "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрi" РМҚК бас дирижері.

2018-2023 жылдары — "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" РММ ректоры.

2023 жылдың мамыр айынан бастап 2023 жылдың шілдесіне дейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2023 жылғы шілдеде ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалған еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан