"34 жылдан бері біргеміз". Қызылордада сотталған тұрғын заңды некеге тұрды

"34 жылдан бері біргеміз". Қызылордада сотталған тұрғын заңды некеге тұрды
Фото: polisia.kz

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесіндегі сотталған тұрғын жарымен 34 жылдан бері бірге екенін айтты. Алайда ол келіншегімен заңды некеде болмаған соң ұзақ мерзімге кездесуге рұқсат болмаған. Бұл жайтты балалары мекеме заңгері арқылы білген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Біз 1990 жылдан бері біргеміз. Үш баламыз бар. Күйбең тірліктің қамымен жүріп некені заңдастыру керек екеніне мән бермедік. Оның үстіне, ауылдық жерде бар ойымыз өрістен келетін қой, сиырымызда болды. Жаза басып, темір торға түскелі неке туралы куәлігіміздің жоқтығынан жарыммен ұзақ мерзімде кездесуге мүмкіндік болмады. Өз міндетін адал атқарып, осы некемізді растайтын куәліктің қолымызға тиюіне жағдай жасаған жандарға алғысымды білдіремін", - дейді жазасын өтеуші.

Сотталған тұрғын мен неке қиюға өтініш берген әйел заңды неке куәлігін алғандықтан, тұрақты кездесуге мүмкіндік алған.

Айта кететін жайт, мекемеде кәмелет жасына толған әр жазасын өтеуші заңды түрде некесін қиюға құқылы.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан