Шымкентте ер адамдар дәмханада қызды ұрып-соғып кеткен

Шымкентте ер адамдар дәмханада қызды ұрып-соғып кеткен
Фото: видеодан алынған кадр

Шымкент полиция департаменті қаладағы дәмханалардың бірінде бейтаныс ер адамдардың қызды соққыға жығып кетуіне  қатысты түсінік берді. Ведомство қазір бұл факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 25 қаңтарда болған. Бір топ ер адам телефондарды сату үшін мекемеге кірген.

Кафе қызметкері олардан ғимараттан шығып кетуін сұрағанда, қызды ұрып-соғып кеткен.

"Қазіргі уақытта бұл факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген Шымкент полиция департаментінің ресми хабарламасында.

Полицейлер жарақаттың ауырлығы анықтағаннан кейін барлық қажетті шара дереу қабылданатынын айтты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан