"Астанаға арнайы алыстан келіп, ДНҚ тапсырып кетті": бельгиялықтар асырап алған Жәнібекке қатысты жаңа дерек айтылды

"Астанаға арнайы алыстан келіп, ДНҚ тапсырып кетті": бельгиялықтар асырап алған Жәнібекке қатысты жаңа дерек айтылды
Фото: әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде бельгиялықтар асырап алған Жәнібек Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған еді. Баланың анасы әлі де іздестіріліп жатыр. Танымал тележүргізуші Қымбат Досжан баланың оқиғасына қатысты жаңа деректі жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Журналистің айтуынша, бұл жолы болжамды ана Астанадан келген.

"Әсем деген келіншек Астанаға арнайы алыстан келіп, ДНҚ тапсырып кетті. Зерттеу жалғасып жатыр", - деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін бельгиялық әйел асырап алған қазақтың баласы анасын іздейтіні хабарланды. Бұл туралы журналист Олжас Беркінбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Кейін "Бармысың, бауырым?" бағдарламасы Жәнібекке анасын іздеуге көмектесті. Бірнеше әйел ДНҚ сынамасын тапсырды, алайда бірде-бір нәтиже оң шықпады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова