Астанада 9-сынып оқушысы теракт ұйымдастыру туралы қағаз таратқан

Астанада 9-сынып оқушысы теракт ұйымдастыру туралы қағаз таратқан
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада мектепте теракт ұйымдастыру туралы қағаз таратқан оқушының ата-анасы жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияға педагог хабарласқан. Ол 9-сынып оқушысы қоңырау кезінде басқа оқушыларға мектепте теракт ұйымдастыру туралы қағаз таратып жүргені туралы айтқан. Оқиға орнына жедел-тергеу қызметкерлері келген.   

Оқушы әзіл ретінде компьютермен жазып, қағаздарды таратқанын мойындаған. Полиция соталды тергеу бастады, қажет сараптама тағайындалған. 

Баланың ресми өкілдері - ата-анасына әкімшілік шара қолданылған. Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен кәмелетке толмағанның анасына айыппұл салынды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина