"Барлық кінәні Назарбаевтың мойнына іле беруге болмайды". Жақсылық Досқалиев ел арасында тараған алып-қашпа әңгімеге пікір білдірді

Екі рет ҚР Денсаулық сақтау министрі болған, медицина ғылымының докторы, профессор, академик Жақсылық Досқалиев "Adal adam" youtube-арнасына берген сұхбатында Н. Назарбаев "ақша ұрлады" дейтіндерге жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, кезінде Назарбаевтың жанында жүрген адамдар қазір, керісінше, жамандап жүр.

"Нұрсұлтан Назарбаев 30 жыл президент болды, тағында отырды. Жақсы да, жаман да жағы бар. Ал қазір "ақша ұрлады" дейтіндерге айтарым, кезінде Назарбаевтың жанында ойнап-күліп, мақтап-мадақтап жүрген адамдар қазір керісінше, жамандап жүр. Оларды зиялы деп атауға болмайды, мен атын тұстап, кім екенін айтқым келмейді. Ш. Құдайбердіұлының сөзін айта өтейін,

"Адалға орын емес қазақ іші,
Тәтті ғұмыр сүре алмас таза кісі,
Өзін асырар қазақтың өнері жоқ,
Бірін-бірі талайды бар жұмысы", - сондықтан бір-бірімізді таламайық. Елімізде басқа да мәселе жетіп артылады, соны талқылайық. Бір нәрсені қазбалай беру дұрыс емес", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін экс-министр Жақсылық Досқалиев "Білген дұрыс" YouTube-арнасына берген сұхбатында түрмеге отырған кезін еске алған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Тарихи деректерде Есiм хан тұлғасы қалай сипатталған?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз