Ыстамбұлда шіркеуге шабуыл жасалды

Ыстамбұлда шіркеуге шабуыл жасалды
Фото: elements.envato.com

Ыстамбұлда католик шіркеуіне шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, шабуыл салдарынан 2 адам қаза тапты.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарақат алғандар бар. Бірақ нақты саны әзірге белгісіз.

Жергілікті полиция мәліметінше, беттерін тұмшалаған 2 адам шіркеудегі тұрғындарға бейберекет оқ атқан. Оларды бұл әрекетке не итермелегені әзірге белгісіз. Қаскөйлер іздестіріліп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина