Алматылықтар тағы жер сілкінісін сезді

Алматылықтар тағы жер сілкінісін сезді
Фото: Tengrinews.kz

Алматылықтар тағы жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сейсмикалық станциялар желісінде 27 қаңтарда Алматы уақытымен 15:03-те (2024 жылғы 27 қаңтарда Гринвич бойынша 09 сағат 03 мин 04 сек) жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында - афтершок орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.0.
MPV магнитудасы 5.5.
Эпицентрдің координаттары 41.26° С. Е. 78.61° ш. б.
Тереңдігі 5 шақырым.
Жер сілкінісі сезілгені туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында 2 балл.

Хабарламаны 2024 жылғы 27 қаңтарда сағат 15: 10-да "Алматы" ОСО кезекші операторы жасады. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыдан бірнеше шақырым жерде жер сілкінісі болғаны хабарланған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина