"Бір қызымды жоғалтқаннан кейін Алланың берген сыйы": Индира Расылхан алғаш рет балалары туралы айтты

"Бір қызымды жоғалтқаннан кейін Алланың берген сыйы": Индира Расылхан алғаш рет балалары туралы айтты
Фото: әлеуметтік желіден

Танымал әнші Индира Расылхан әлеуметтік желідегі парақшасында алғаш рет балалары туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің екі қызы бар.

"Алланың сынағына шүкірлік айтып, бір қызымды жоғалтқаннан кейінгі Алланың берген сыйы ғой екі қыз. Көп нәрсе айтқым-ақ келіп тұр. Мені танығанымен де, менің бала-шағамды танымайсыздар ғой. Жақынырақ таныстыра кетейін. Бірінші туылған - Айдина. Дарина жайлы үйде бәріміз Дадош дейміз. ...Қос қарлығашым! Қос қанатым! Қос шынарым! Қос қолқанатым! Алланың сендердей алтындай қыз бергеніне мың шүкірлік айтамын. Мен сендерге разымын, жандарым сол! Алла екі дүние бақытын тең етіп сыйласын!" - деп жазды әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ИНДИРА РАСЫЛХАН (@indirarasylkhan)

Желі қолданушылары оның отбасына бақыт тіледі.

"Бақытты болсын. Әр ананың тілегі осы ғой", "Жаңа жасы құтты болсын!!! Барлық жақсылықты тілеймін", "Бағы жанған қыздар болсын", - дейді олар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова