Ұйықтау әдісі және адам психологиясы

Ұйықтау әдісі және адам психологиясы

Адамның ұйқы кезіндегі жатысына қарап та оның өмірдегі ұстанымы, адамдармен қарым-қатынасы, мінезі туралы білуге болады екен.

  1. Ана құрсағындағы туылмаған сәби сияқты жататындар – айналасында өзіне қорған болатын жандардың көп жүргенін қалайтын адамдар. Басқалармен араласуы ақырындау, адамның жақсы-жаман мінезін бірден ажырата қоймайды. Өте сезімтал, жараланғыш, мейірімді болғанымен, сырт көзге бұл қасиеттерін көрсете бермейтін жандар. Өзіне таныс емес ортада тым қарапайым және ұялшақ.
  2. Қырымен қимылсыз жататын жандар – өмірде барлығынан хабардар болуға ұмтылатын адамдар. Салмақты және айналасына пайдасы тиіп жүретін жандар. Өте жақсы дос бола алады, адамдармен тез араласып кетеді және сенгіш.
  3. Қырындап жатып, қолын алға созып ұйықтайтындар – өте сақ адамдар. Ешкімге сене бермейді, көп нәрсеге күдікпен қарайтын адамдар. Мінездері де тік және эмоцияға аса беріле қоймайды.
  4. Тіп-тік, қатып ұйықтайтындар – өте тұйық және сабырлы жандар. Өз алдына мақсат қоя білетін, сол мақсатқа табандап тұрып жететін қасиет бар. Сыртқы көркіне көп назар аударатын оларға көпшіліктің алды болып жүрген ұнайды.
  5. Қолдарын жайып, шалқасынан ұйықтайтындар – жақсы дос, мұқият тыңдаушы. Олар көпшіліктің көзіне түсуді, ықыласына бөленуді жақсы көрмейді. Өздеріне өте сенімді, оптимист жандар. Істерді алдын ала жоспарлағанды жақсы көрмейді.
  6. Етпетінен жатып ұйықтайтындар – мінезі темірдей мықты әрі қатты адамдар. Өздерінің айтқанындай болғанын қалап, соны орындайды. Кейде тік мінезденіп, қатал болады. Өз ісін сүйіспеншілікпен, ұқыпты атқарады. Адамдармен тез тіл табысқыш. Кейде тым өзімшіл. Сынды ауыр қабылдайды.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: lshdwsw.com 

M. Auelkhan