Психология пайымдары: "Қандай сабақ алдым?" (Видео)

Психология пайымдары: "Қандай сабақ алдым?" (Видео)

Мына суретке қараңыздар, суреттегі екі адам ашулы көрінеді. Ал егер суретті төңкеріп қарасаңыз, олардың бірден қуанышты кейіпке түскенін байқайсыз.


Жаман көңіл-күйді жақсы ете білу өте маңызды. Майами университетінде жасалған зерттеуде ерікті қатысушыларға өз өмірлерінде болған көңілсіз естеліктерді еске түсірулерін сұраған. Ал кейін бұл оқиғадан олар қандай сабақ ала білгені жайлы сұрап көрген.

Кейбіреуі «өмірдің мәнін ұқтым» десе, ал екіншілері «шын достары кім екенін» түсінгенін айтқан. Ал үшінші топтағы адамдар өз ішінен беймәлім болып келген бір күш-қуат бар екенін жеткізген.  Осы қарапайым мысал адамдарды сәл де болса бақытты ете түскен. Көңіл-күйлерін ғана көтеріп қоймай, денсаулықтарын да жақсартыпты-мыс. Міне, егер сіздің де өмірде сәтсіз кезеңдер бола қалса, өзіңізге бір ғана сұрақ қойып көріңіз: «Бұл тәжірибеден қандай сабақ алдым?»

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: өңделген

А. Құлтай