- Негізгі бет
- Аспаздық
- Бұл қызық: Ерімейтін...
Бұл қызық: Ерімейтін балмұздақ туралы естіп пе едіңіз?
Америкалық "WallMart" супермаркеттерінің бірінде сатып алынған "Vanilla" балмұздағы күннің астында бір сағаттай тұрып, мүлде ерімеді. Сыртында "Жоғары сапа" деп жазылған белгісі болса да, оның сапасына күмән келтірмеу мүмкін емес.
Дегенмен, АҚШ-тың WCPO телеарнасы арнайы оны зерттеп, тексеріп, арнайы репортаж жасады. Тілшілер супермаркеттің басшылығына хабарласқанда: "Әдетте, балмұздақтардың құрамында сүт өнімдері мол болғанда ғана, тез ерігіш қасиетке ие болады. Ал мына балмұздақтың құрамында сүт аз. Дегенмен, ол адам денсаулығына пайдалы өнімдерден жасалынған", – деп қысқа қайырыпты.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.fromquarkstoquasars.com
Ж. Өрісбай