Осака университеті

Осака университеті

Мемлекет: Жапония

Қала: Осака

Осака университеті Жапонияның беделді жоғары оқу орындарының бірі болып есептеледі. Ол 1869 жылы құрылған, алайда ресми университет дәрежесін 1931 жылы Осака Императорлық университеті ретінде алған. Университет студент саны бойынша Жапония еліндегі ең үлкен мемлекеттік оқу орны ретінде танылған. 

Университет құрамында 11 факультет, 7 аспирантура бөлімі, 4 зылыми зерттеу орталығы бар. Университет қабырғасында шамамен 12 000 студент және 8 000 аспирант пен докторант білім алады. Оның 1 000-ға жуығы шетелден келген студенттер.

Осака университеті - әлем университеттері рейтингісінде 43-орынды иеленсе, Жапония университеттері ішінде алғашқы үштікке кіреді. 

Факультеттер: әдебиет, құқық, гуманитарлық ғылымдар, шетел тілдері, экономика, жаратылыстану ғылымдары, медицина, инженерлік, фармацевтикалық, стоматологиялық, инженерлік ғылымдар

Оқу құны (бір академиялық жылға): 

Бакалавриат - 6500$

Магистратура - 6500$

Құқық мектебі - 9650$

Оқуға түсу талаптары (бакалавриат):

* Жас 18-ден жоғары;

* TOEFL (Test Of English as a Foreign Language): Paper Based — кемінде 500 балл, Internet Based — кемінде 61 балл;

* ЖОО-да, колледжде немесе 11 сыныпта ағылшын тілі, математика, тарих пәндерінен сабақ берген мұғалімдерден 2 мінездеме алу;

* Орта білім алғанын куәландыратын аттестат;

* Барлық құжаттарды жапон тіліне аудару (нотариус куәландыруымен);

* Қабылдауға сұраным беру;

* EJU (Examination for Japanese University) алғашқы сынағын тапсыру;

* Сұраным беру үшін алым төлеу - 204$, медициналық сақтандыру жылына - 240$.

Оқуға түсу талаптары (магистратура, доктарантура):

* ЖОО дипломы;

* TOEFL (Test Of English as a Foreign Language): Paper Based — кемінде 500 балл, Internet Based — кемінде 61 балл;

* ЖОО оқытушыларынан 2 мінездеме;

* Транскрипт;

* Барлық құжаттарды жапон тіліне аудару (нотариус куәландыруымен);

* EJU (Examination for Japanese University) алғашқы сынағын тапсыру.

Сурет: en.wikipedia.orginfokiborg.ru

Ж. FM