- Негізгі бет
- Азия
- Малайзиядағы Ноттингем университеті...
Малайзиядағы Ноттингем университеті
Малайзиядағы Ноттингем университеті - Малайзия еліндегі ең беделді және танымал жоғары оқу орындарының бірі. Ол 2000 жылы Селангор штаты, Семени қаласында құрылды. Аталған ЖОО Ұлыбританиядағы Ноттингем университетінің филиалы болып есептеледі.
Университет қабырғасында көбіне шетел мамандары қызмет атқарады, ал дәрісті жергілікті оқытушылар оқиды. Универиситетте білім беру жүйесі тек ағылшын тілінде жүргізіледі. Сонымен қатар, университет бітірген түлектерге нақты қай кампуста білім алғаны көрсетілмейтін бірыңғай дилом үлгісі тағайындалады.
Студенттер саны: 4000
Кампус 0,41км² жерді алып жатыр. Оның құрамында әкімшілік ғимараттар, оқу корпустары, кітапханалар, жатақханалар, мешіт, спорт комплексі бар.
Қабылдау ережесі:
* IELTS - дайындық курсына 5,5, бакалавриатқа 6,0, Магистратураға 7,0
1. Талапкер барлық қажетті құжаттарды жинап, Ноттингем университетінің Admissions Office бөліміне жіберуі қажет (Сканерленген аппликация формасы, паспорт, аттестат куәлігінің нотаралды түрде ағылшын тіліне аударылған нұсқасы).
2. Университет талапкердің кандидатурасын 14 күн қарастырады.
3. Малайзия еліне келгеннен соң, болашақ студент барлық тіркеуден өтуі міндетті.
Оқу құны: Малайзияда білім алу басқа елдермен салыстырмалы түрде қарағанда, анағұрлым арзан келеді. Әрбір студентке жылына 10000-15000 АҚШ доллары жеткілікті, яғни оқу ақшасы, тамақтану, жеке шығын қамтылған.
Сурет: postupionline.com, postgrad.studymalaysia.com
Ж. FM