Мемлекет: Жапония
Қала: Киото
Сипаттама: Киото университеті – Жапония Киото қаласында орналасқан ең маңызды ұлттық оқу орындарының бірі. Ертеректе императорлық университеттердің қатарына кірген. Жапон елінде Тодайдан кейінгі ең ескі университеттің бірі болып есептеледі. Киото университетінде шамамен 22 мың студент білім алады.
Университет құрамында 10 факультет, 15 жоғары мектеп, 12 зерттеу институты және 21 ғылыми орталық бар.
Kyoto University – әлем универсиеттері арасында «Global universities ranking» рейтингісі бойынша 11-орында болса, «Times Higher Education-QS World University Rankings» рейтингісінде 25-орынды иеленді.
Қазіргі таңда Киото университетінің 5 түлегі Нобель сыйлығы лауреаттары.
Мамандықтар: Политология, Юриспруденция, Биоинженерлік, Құрылыс, Электроника және микроэлектроника, Қаржы.
Программалар: Магистратура, Ғылым докторы, Бакалавриат, Машықтану, Тіл үйрену курстары.
Қабылдау мерзімі: Қабылдау мерзімі ақпан-наурыз айларында басталады.
Дайындық курстары: Киото университетінде талапкерлерге дайындық курстары қарастырылмаған. Жапон тілі курстары тек ЖОО студенттеріне немесе ауысу программалары бойынша келгендерге ғана болады.
Оқу құны (бір академиялық жылға):
Бакалавриат – 6430$, емтиханы бағасы – 204$.
Магистратура – 6430$, емтихан бағасы – 360$.
Құқық мектебі - 9650$, емтихан бағасы - 360$.
ҚазҰУ студенттерінің Күншығыс елінің мынадай университтерінде машықтанудан өту мүмкіндіктері бар:
Цукуба университеті, Сайтама университеті, Итикава қаласындағы шетел тілдері институты, Мирзухо университеті, Асахи университеті, Жапон тілін меңгеру бойынша халықаралық орталық (Кансай қаласы), Хиросима университеті, Жапон тілін меңгеру бойынша халықаралық орталық (Урава қаласы), Киото университеті.
Суреттер: iae.kyoto-u.ac.jp, bloodybleedingblooming.wordpress.com