Сипаттама: еліміздің ең ерекше оқу орны - Назарбаев университеті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған жаңа университет. Университет миссиясы - Қазақстанда білім мен ғылыми-зерттеу қызметінің дамуына мүмкіндік беру, сонымен қатар Астананың Еуразия орталығында зерттеу және білім беру орталығын қалыптастыру.
Университет өзіндік білім стандарттары бойынша жұмыс істейді. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған атақты профессорлар дәріс береді.
Жатын орын мен тамағы: студенттердің университет жатақханасында жайлы тұрулары үшін барлық қажетті жағдай жасалған: жиһаз, Интернетке кіру, кір жуатын орын, сабақ оқуға арналған бөлмелер бар. Бұл оқу орнында тек мемлекет тарапынан тағайындалған грант иегерлері оқитындықтан, негізінен жатын орын мен тамақтану тегін (күніне 4 рет).
Оқуға түсу: талапкерлер университет алдындағы дайындық бағдарламасына түсу үшін тапсырылатын емтихандарға тіркелу онлайн сауалнамасын толтырулары қажет.
Назарбаев университетіне қабылдану мына кезеңдерден тұрады:
I. British Council English Proficiency Test (BCEPT);
BCEPT емтиханына British Council (Британдық кеңес) әкімшілік етеді. Аталған BCEPT емтиханын тапсыру үшін талапкерлерде өздерімен бірге мынадай құжаттары болуы керек:
а. Жеке куәлік немесе паспорт түпнұсқасы (көшірмелер қабылданбайды);
ә. Білім беру ұйымы директорының (деканының) қолы мен мөрі бар орташа балы 4.0-ден кем емес ағымдағы жыл ішіндегі соңғы екі тоқсанды қамтитын табельдің немесе сынақ кітапшасының көшірмесі.
II. Ағылшын тілінде өткізілетін Subject Entrance Test (SET) (Пәндік тест);
BCEPT емтиханынан өткен талапкерлер University College London (UCL) өткізетін Subject Entrance Test (SET)-ке шақырылады.
Мектеп таңдауына байланысты үмтікерлер төменде көрсетілген пәндер бойынша сынақтан өтеді:
Жалпы пәндік емтиханнан өту баллы 50% (минимум), ал әрбір пән бойынша 43%-дан кем болмауы тиіс.
Инженерия мектебі (екі жұптың біреуі) - Математика және физика/Химия және биология
Ғылым және Технологиялар мектебі (екі жұптың біреуі) - Математика және физика/Химия және биология
Премедицина бағдарламасы - Химия және биология
Гуманитарлық және Әлеуметтік ғылымдар мектебі - Сыни ойлау және математика
III. IELTS емтиханы
Ресми және мерзімі бойынша жарамды TOEFL(PBT/ iBT) немесе IELTS сертификаттары бар талапкерлер IELTS емтиханынан босатылады.
TOEFL (PBT/iBT) және IELTS емтихандарының ең төменгі өту балдары:
Инженерия, Ғылым және Технологиялар мектептері мен Премедицина бағдарламасы үшін: TOEFL(pbt) - 530, TOEFL(ibt) - 71; IELTS - 5.5
Гуманитарлық және Әлеуметтік ғылымдар мектебі үшін: TOEFL(pbt) - 550, TOEFL(ibt) - 79-80; IELTS - 6.0
writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/QTM0hru52Ks?version=3&hl=ru_RU","width":"400","height":"233"});
Толық ақпаратты nu.edu.kz сайтынан алуға болады.
Форумда талқылау
Суреттер voxpopuli.kz сайтынан алынған