Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, ақпанның 9 күні «Мен деп ойла» атты Мемлекеттік қуыршақтар театрында еске алу кеші өтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, орыс филология және әлем әдебиеті кафедрасы доценті Какишева Н.М., профессор Салханова Ж.Х, профессор Туманова А.Б шақыртуымен философия және саясаттану факультетінің 1-курс студенттері көрермен болып кешке қатысып, кештен жақсы әсер алып көңіл-күйлерін көтерді.
Мұқағали Мақатаевтың лирикалық өлеңдері адамды өмірге қайта алып келгендей бір демалдырып қалдырды. «Аққулар ұйықтағанда» деген шығармасында адамныңүлкен толғаныс сезімін тудырып көрермендер көзіне жас алдырды. Қуыршақтар театрында қуыршақтармен ғана өнер көрсетпей, театр ұжымы ән айтып және би билеп өздерінің сегіз қырлы бір сырлы екенін көрсеткендей болды. Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы анаға деген,балаға деген және ғашығына деген махаббатын нағыз сезімнің ең биік шыңы,әркімнің қол созса жетпейтін шынайылығын айқындады. Ақынның қазақ деп соққан жүрегінің түпкірінде сайрап тұрған өлеңдері ешқашан өшпейді.
Аханбекова Жұлдыз - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
философия және саясаттану факультетінің 1-курс студенті