- Негізгі бет
- Қазақстан
- ҚБТУ - әрбір...
ҚБТУ - әрбір талапкердің арманы
Қазақстан-Британ техникалық университетін құру идеясының авторы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев болып саналады. Елбасының Біріккен Корольдік үкіметімен жүргізген бір қатар келіссөздер нәтижесінде 2000 жылдың караша айында екі ел арасындағы өзара келісім Меморандумына қол қойылған болатын.
Университеттегі білім сапасына келсек, тәуелсіз Қазақстан агенттігімен 2011-2012 оқу жылдарындағы жүргізілген бас рейтинг қорытындысы бойынша, ҚБТУ техникалық жоғары оқу орындары ішінде үздік атанды.
Сондай-ақ ҚБТУ 75 жоғары оқу орындары арасынан бакалавриат мамандықтарының үшеуінен бірінші болды:
5В070300 Ақпараттық жүйелер
5В070800 Мұнайгаз ісі
5В072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы
Жоғары көрсетілген мамандықтардың жоғары дәрежеде оқытылуынан Қазақстан - Британ техникалық университетінiң командасы 2011 жылдың 30 мамырында АҚШ-тың Орлондо қаласында студенттiк командалар арасында өткен программалау бойынша әлем чемпионаттың финалында (ACM ICPC ) жоғары нәтиже көрсетті. ҚБТУ командасы бес есеп шығарып, Принстон, Калифорниялық, Чикаго, Сеул, Үндi технологиялық және Мәскеу физикалық-техникалық институттарын басым түскен еді. Соның арқасында Қазақстан программалаудан әлемнің ең үздік 20 мемлекеті қатарында. Нақтырақ айтсақ, 17-орын.
Оқуға түсу ережесі
A. ҰБТ немесе Комплексті тестілеуді тапсыру:
1. Қазақстан тарихы – минимум 4 балл
2. Математика - минимум 7 балл
3. Орыс тілі - минимум 4 балл
4. Қазақ тілі - минимум 4 балл
5. Таңдау пәні – минимум 4 балл
*** Орыс тілі немесе қазақ тілі ұпайлары, мектептің оқыту тілі болуына байланысты ескерілмейді. Өту балы (100 балдан) кемінде 50 балл болуға тиіс.
B. ҚБТУ қабылдау комиссиясына қажетті құжаттарды тапсыру.
C. Топтар ұйымдастыру тестіне қатысу.
D. ҚБТУ – да оқу бітімін жасау.
Қазақстан-Британ техникалық университетіне түсуге қажетті құжаттар:
- Аттестат (түпнұсқа);
- ҰБТ немесе КТ сертификаты (түпнұсқа);
- 3x4 көлеміндегі 6 фотосурет;
- 086-У формасы бойынша медициналық анықтама
- флюорография
- 063 профилактикалық егу картасы;
- Талапкердің жеке басын куәландыратын төлқұжат (түпнұсқа және көшірме);
- СТТН (көшірме);
- Құжаттарды тіркеу төлемінің квитанциясы (ҚБТУ кассасы).
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: kk.newikis.com, vk.com
Ж. FM