ҚазҰУ – ең үздік таңдау

ҚазҰУ – ең үздік таңдау
Фото: 365Info

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан Республикасының ең үздік жоғары оқу орындарының бірі. Ұзақ уақыт бұрын салынғанына қарамастан, университет қазіргі таңда білгір болашақ мамандарды дайындауда көшбасшы.  Қазіргі таңда университет 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университет ққұрамында 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеуинституттары мен орталықтар, технопарк бар. Бүгінгі таңда факультет студенттерінде ҚазҰУ-да оқуға және тұруға барлық жағдай жасалған. Факультетте алты кафедра жұмыс істейді, олардың бесеуі: қазақ тіл білімі, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы, орыс филологиясы және әлем әдебиеті, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері, шетел филологиясы және аударма кафедралары және болашақ мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді. Шет тілдер кафедрасы әлем тілдерін сауатты оқытады.

Соның ішінде өзім оқып жатқан филология және әлем тілдері факультеті жайында толығырақ айтсам. М.Әуезов, А.Марғұлан, Б.Кенжебаев, М.Балақаев сияқты көрнекті тұлғалар негізін қалаған филология және әлем тілдері факультеті ұзақ тарихы бар және өзінің дәстүрлеріне бай. Академик, қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезов, оның шығармалары әлем әдебиетінің алтын қорында лайықты орын алады, біздің факультетте шамамен 30 жыл жұмыс жасады. Факультеттің халықаралық байланыстары кең. Мемлекеттік бюджет негізінде жыл сайын факультеттің студенттері, магистранттары мен докторанттары шет елде білімдерін жетілдіре алады.

Мен Амангельдина Айгерім Санатқызы 2016 жылы өз қалауым бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне "5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі" мамандығынаоқуға түстім. Бірінші күннен бастап оқу процесі қызыққа толы болды. Себебі біздің университет педагогикалық мамандықта оқитын студенттерді бірінші курстан бастап тәжірибелік практикаға жібереді.

Қазіргі уақытта мен 4-курс студентімін. 4 жыл ішінде бірнеше мектептен педагогикалық тәжірибеден өттім. Соның ішінде ең есте қалары: Назарбаев Зияткерлік мектебі және Коммерциялық емес акционерлік қоғам Республикалық физика-математика мектебі. Бұл мектептерде практикалық тәжірибеден өту де оңай емес, себебі біздің факультетте ең мықты топтарды таңдайды. Сол алдыңғы қатарлы топтардың ішінде болып, осындай мектептерден тәжірибе алғаныма мақтан тұтамын. Мектептегі тәжірибе барысында біз, студенттер, мектептегі ағылшын тілі сабағына қатысып, өзіміздің әдістемелік білімімізді жетілдіріп, педагогтың сабақ өткізудің түрлі тәсілдеріне қарап үлгі алдық.Уақыт бір орында тоқтап қалған жоқ, яғни тілді үйретудің де түрлі әдіс-тәсілдері заман талабына сай өзгеріп отырады. Сондықтан да тәжірибе барысында ағылшын тілін тереңірек меңгерумен бірге болашақта педагогикалық қабілетімізді арттырып, сабақ барысын қалай қызықты өткізуге болатынын үйрендік.

Қорытындылай келе, шет тілін үйрену - бұл сәнге немесе қандай да бір стереотипке деген құрмет емес, сонымен бірге жалпыға бірдей жаһандану жағдайында дамып келе жатқан қазіргі қоғамда маңызды болып табылатын білім алу процесі. Сол себепті осындай терең білім берген ҚазҰУ-ға деген менің алғысым шексіз.

"Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері" кафедрасының бакалавр студенті – Амангельдина Айгерім Санатқызы

Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, Мамбетова М. К

Практика жетекшісі: аға оқытушы, Медетбекова П.Т

 
А. Рысдәулет