ҚазҰУ дамушы Еуропа елдері мен Орталық Азияның 10 үздік оқу орнының қатарына кірді

ҚазҰУ дамушы Еуропа елдері мен Орталық Азияның 10 үздік оқу орнының қатарына кірді
Фото: vk.com

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дамушы Еуропа елдері мен Орталық Азияның 10 үздік оқу орнының қатарына кірді (QS Emerging Europe and Central Asia).

Қазақстандық жоғары оқу орындарының арасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары нәтиже көрсетті, 10-орыннан көрінген университет ТМУ (11-орын), МФТИ (13-орын), Н.Э.Бауман атындағы ММТУ (20-орын) сияқты ресейлік танымал оқу орындарын басып озды.

QS EECA (Emerging Europe & Central Asia – дамушы Еуропа мен Орталық Азия елдері) рейтингіне барлығы 22 елден 251 ЖОО кірді. Олардың қатарында қазақстандық 19 жоғары оқу орны бар. Бірінші орынды М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті иеленді. Екінші орынды да Ресейдің Новосібір мемлекеттік университеті еншіледі. Көшбасшылар бестігіне эстониялық Тарту университеті, чехтің Карлов университеті және ресейлік Санкт-Петербург мемлекеттік университеті енді. Рейтинг қортындысы 9 талап бойынша анықталды: олар ғылыми бедел (30%), жұмыс берушілер арасындағы бедел (20%), оқытушылар мен білім алушылардың ара салмағы (15%), шетелдік оқытушылар мен студенттердің үлесі (2,5%), шетелдік студенттердің үлесі (2,5%), ОПҚ жарияланым белсенділігі (10%), мақалалардың ғылыми жарияланымы (5%), ғылыми дәрежелі қызметкерлердің үлесі (5%), ғаламтор ресурстардың тиімділігі (10%).

Жүйелі қайта құруды ойдағыдай жүзеге асырған ҚазҰУ әлемдік университет рейтингінде жыл сайын жоғары орынға нәтижелер көрсетуде. Білгілі QS (Ұлыбритания) халықаралық рейтинг агенттігінің 2017 жылы жариялаған зерттеу қорытындысына сәйкес, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемдегі үздік 800 университет арасында 236-орынды иемденіп, ең үздік 250 университет қатарынан тағы да көрінді.

QS сарапшыларының айтуымен бүгінде ҚазҰУ-дың феноменалды жетістігі әлемнің үздік университеттері тарапынан зерттелуде. Бұл көрсеткіш университеттің әлемдегі білім және ғылым нарығында жоғары бәсекелестікке қабілетті екендігін дәлелдейді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен кезеңді күрделі құрылымдық жаңғырту жүргізіліп, нәтижелерге негізделген рейтингтік жетістіктерге баға беру, басқару және менеджмент жүйесіндегі процестерді басқару енгізілді. 

Әлемнің жетекші университеттерінің мысалында ҚазҰУ жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және халықаралық аккредитациядан өткен білім беру бағдарламаларын әзірлеп енгізді.

Мұндай нәтижелерге жетудің бір сыры, әлемдік үздік университеттер рейтингісіне Қазақстандық екі университеттің енуі туралы мақсатты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2010 жылы халыққа арнаған жолдауында айқындаған болатын.

Соңғы жылдары университетте «идеяны өңдеуден коммерциялауға дейін» технологиясы тиімді пайдалануда. ҚазҰУ ғалымдары жарияланым жағынан шетелдік рейтингті басылымдарда алда. 2010-2017 жылдар аралығында жарияланым көрсеткіші 5 есе, ал сапасы жағынан жарияланым 6 есе артты.

А. Оралқызы