- Негізгі бет
- Қазақстан
- Қазақстандықтар сыраға қанша...
Қазақстандықтар сыраға қанша жұмсайды – зерттеу
Сыраның қымбаттығы бойынша 58 елдің рейтингісінде Қазақстан 35-орынды иеленді. Бұл ретте елімізде бір жыл ішінде әр адам орта есеппен 29,3 литр сыра тұтынады.
Қаржы мен нарықты зерттеуге маманданған америкалық Expensivity басылымы зерттеген барлық елдің ішінде ең қымбат сыра – Катарда. Бұл жерде 0,33 литрлік сыра 11,26 доллар тұрады. Ең арзан сыра – Оңтүстік Африкада (1,68 доллар).
ЕАЭО мен Орта Азия елдерінің ішінде Ресейдегі сыраның бағасы Қазақстанға қарағанда айтарлықтай жоғары. Ресей сыра рейтингісінде 11-орында. Ал, алдыңғы ондықты Сингапур қорытындылаған. Сыра Қазақстанға қарағанда Белорусьте де қымбат. Бірақ арадағы алшақтық онша көп емес. Белоруссия сыра рейтингісінде 31-орында.
Сыраның бағасы Қазақстанмен салыстырғанда Әзербайжанда (38-орын), Арменияда (40-орын), Украинада (57-орын) төмен.
Бір адамға сыра тұтынудың ең жоғары деңгейі Чехияда. Бұл елде орташа есеппен әр адам жылына 154,6 литр көбікті сусын ішеді. Орташа құны бойынша Германияда сыра қымбат. Немістер сыраға жылына орта есеппен 1907,78 доллар жұмсайды.
Қазақстанда бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен. Бір адам жылына 29,3 литр сыра ішіп, оған орташа 305,23 доллар жұмсайды. Ресейде бір адам жылына 87,4 литр сыра ішіп, оған 1345,8 доллар төлейді.
Қазақстанда 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 358,7 миллион литр сыра өндірілді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,6 пайызға артық.
Көбікті сусындар өндірісінің 94 пайызға жуығы сыра қайнататын төрт аймаққа – Алматыға (164,3 миллион литр, жылына +7,8 пайыз), Алматы облысына (85,7 миллион литр, +10,7 пайыз), Қарағанды облысына (51, 6 миллион литр, + жылына 8,3 пайыз) және Қостанай облысына (34,1 миллион литр, +1,8 пайыз) тиесілі.
Бес айдың қорытындысы бойынша жергілікті сыра қайнату компаниялары сұраныстың 92,6 пайызын қамтамасыз етті.
Бес ай ішінде ішкі нарықта 302,2 миллион литр сыра сатылды, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 8,5 пайызға көп.
Биыл шілде айының соңында сыра бір айда 1 пайызға, ал жыл ішінде 6,6 пайызға қымбаттады.
Жалпы алғанда алкогольдік сусындар жылына 7,4 пайызға, алкогольсіз сусындар бірден 10 пайызға, минералды және ауыз су 10,6 пайызға, шай 11,7 пайызға қымбаттады.
Ескерте кетейік, сыра ішу денсаулыққа зиян!
Т. Раушанұлы