ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы демографиялық ахуал туралы мәліметтерді ұсынды.
Оған сәйкес, 2020 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша, елімізде халық саны 18 млн 852 мың адамды құрады. Оның ішінде 11 млн 129 мыңы немесе 59,0% - қалада, 7 млн 723 мыңы немесе 41,0% ауылда тұрады. Қазақстан тұрғындарының 9 млн 146 мыңы немесе 48,5% – ерлер болса, 9 млн 706 мыңы немесе 51,5% – әйелдер.